Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы қаңтардың 24-де жүргізілген рейд кезінде Сандықтау аудандық ПБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Новоникольск ауылына жақын маңда елік ату әрекетінен хабар беретін ізді байқаған.
«Браконьерлер қалдырған шаңғының ізі мен қарға аққан аңның қаны полицейлерді жергілікті тұрғынның үйіне алып келді. Үйді тексеру кезінде тәртіп сақшылары сібір елігінің еті мен терісін тәркіледі. Бұл іс ҚР ҚК 337 бабының 1 бөлігі бойынша (заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.