Оның айтуынша, Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Биылғы жылдың басынан аса қауіпті инфекциялар, сондай-ақ сіреспе, дифтерия, қызамық, қызылша, полиомиелит, эпидемиялық паротит, көкжөтел сияқты вакцинамен басқарылатын инфекциялар тіркелген жоқ. Облыста менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық тұрақты ретінде сипатталады, өткен жылдағыдай екі жағдай тіркелген.
«Жағдай Сандықтау ауданында екі жастағы балада және Целиноград ауданында 46 жастағы ересек адамда тіркелген», - деді А.Мусина.
2021 жылы скарлатина ауруының 2,2 есе төмендегені байқалды, 38 жағдай тіркелді. Алайда, 2022 жылдың басынан бері аурудың сегіз жағдайы тіркелді, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе өсу байқалады.
«2021 жылы желшешекпен сырқаттанушылықтың 1,1 есеге төмендегені байқалды, яғни 928 жағдай тіркелді. Биылғы жылдың басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7 есе өсім байқалып, 216 жағдай тіркелді», - деп түйіндеді өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.