Ақмола облысында соңғы аптада 156 қылмыстық оқиға тіркелген
18:17, 17 Қаңтар 2011
КӨКШЕТАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде болған баспасөз брифингінде өткен апатада өңірде 156 қылмыстық әрекет тіркеліп, оның 125-і ізі суымай ашылғаны атап өтілді.
Осы уақытта аймақ қоғамдық тәртіп сақшыларының жіті іс-әрекеті нәтижесінде 16 ауыр қылмыс, кісі өлтірудің екі, адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа зиян келтірудің -4,есірткі заттарын заңсыз сатудың -1, тонаудың -8, қарақшылықтың бір фактісі анықталған. Сонымен бірге бұдан бұрынғы кезеңде жасалған 8 қылмыс, өткен жылдардағы -6 қылмыс ашылып, іздестіруде жүрген екі қылмыскер қолға түсті. Өткен мерзімде заңсыз айналымнан салмағы 412,3 грамм есірткі заттары тәркіленген болатын. Апта бойы қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша облыстық ішкі істер департаментінің бастамасымен «Есеп» және республикалық «Жасөспірім» алдын алу шаралары іске асырылған.