Ақмола облысында сотталушының өліміне байланысты тергеу жүргізілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында абақтыда жазасын өтеп жатқан сотталушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, жақында Атбасар аудандық ауруханасында Атбасар қаласындағы ЕЦ 166/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 30 жастағы сотталушының дене жарақтынан көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова аталмыш түзету мекмесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың ағымдағы жылдың 3 ақпанында Атбасар аудандық ауруханасында көз жұмғанын растады.

«Қйатыс болған адам Ақмола облысының тұрғыны. Атбасар қаласындағы ЕЦ 166/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның анық-қанығы кейін белгілі болады», деп түсіндірді Ирина Горнова.