Ведомствоның мәліметінше, 13 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 16 жастағы Расула Жанашеваның жоғалғаны туралы ақпарат түскен.
Жоғалған қыз соңғы рет анасымен 12 қараша сағат 16:00-де сөйлескен. Одан кейін оның телефоны өшірілген.
Құрбы қызының айтуынша, Расула өз еркімен елордағы кетуі мүмкін.
«Қазіргі кезде жоғалған қыздың туыстары мен таныстары, сондай-ақ, жоғалған күні көрген адамдар анықталды. Арнайы топ Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында іздестіру шарасын қолға алуда», дейді ведомстводан.
Жанашева Расула Сергеевна: 160-165 бойы см. дене бітімі орташа, шашы қара түсті, қысқа қиылған. Ерекше белгілері: Тісінде брекет, он қолының алақанында жүректің суреті бар.
Үстіне ақ куртка, қара күртеше, қара джинсы, ақшыл түсті етік киген.