«Ақмола облысында су басқан елді мекендер жоқ және бұл өңірде үйлерге су кіру деректері де тіркелмеді», - деді ол.
Осы ретте комитет төрағасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, оның Ақмола облысында орын алмағандығын айтты,
«Интернеттен көргендеріңіз Павлодар облысының Екібастұз қаласында болған. Ол су тасқыны салдарынан орын алған жайт емес, жерасты суының шығуынан орын алған мәселе. Меніңше, жергілікті жерде мән-жайды анықтайтын болады», - деді Владимир Беккер.