Ақмола облысында су шайып кеткен екі жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су шайып кетуіне байланысты екі жол жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«10 сәуірде сағат 21:20 қардың күрт еруіне және қарғын судың шайып кетуіне байланысты «Макинск-Ақсу-Торғай» (0-120 км), «Щучинск-Зеренді» (0-6 км) автожолдарының учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды», делінген хабарламада.

Бұл бағыттарда «Ақкөл-Степногорск» жолымен айналып өтуге болады.