Ағымдағы жылы Ақмола облысының аумағында ылғал қоры нормадағыдан екі есеге жуық жоғары болды. Жабай және Қалқұтан өзендерінде су деңгейі ең жоғары межесіне жетті. Олардың арнасында судың өтуі өткен жылғы көрсеткіштерден асып түсті,
Арнайы шаралар бюджетінде 501 миллион теңге қаралды.
Малды айдап өтетін жүзден астам учаске белгіленді, 28 мың тонна мал азығы қоры жасалды, көшіру үшін 200 нүкте көзделді. Дегенмен су апаты өзінің ізін қалдырды.
Атбасар ауданында он үш үй есептелді және 3 миллион теңге залалдың орны толтырылды. Қазір ормандарда әлі де сақталып қалған қар қабаты енді қауіп туғызбайды. Брифингіде су тасқыны кезеңі аяқталғаны туралы ресми мәлімделді.
«Су тасқыны кезеңінде департаменттің барлық күш-жігері судың апатсыз жағдайда өтуіне жұмсалды, болжанғандай, оның ең үлкен кезі Атбасар ауданында болды. Атбасарда барлығы 13 үй суға кетті, қазіргі кезде залалдың орны толтырылды, су тасқыны кезеңі аяқталды, ал азаматтық қорғаныс жоғары даярлық режимінен күнделікті қызмет режиміне ауыстырылды», деді Алмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.