Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Целиноград аудандық полиция бөліміне кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1960 жылғы әкесінің жоғалғанын айтқан.
Әйелдің сөзінше, әкесі 14 сәуір күні сағат 06:00-де балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған.
«Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде сәуірдің 16-да жоғалған адамды ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Целиноград ауданының Қабанбай-батыр ауылы маңындағы «Қарасу» су қоймасынан алып шықты. Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға қазіргі кезде кез-келген су қоймасынан балық аулау қаупті екенін еске салады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бір табын жылқы мұз құрсауында қалғанын жазған едік.