«Астана су қоймасында балық аулау кезінде суға батып кеткен Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынының денесі табылды. Ер адамның денесін құтқарушылар сағат 18:10 шамасында жағадан 500 метр жерден тереңдігі 1,5 метр судың түбінен алып шықты», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, қазанның 10-да Астана су қоймасында балық аулау кезінде Теміртау қаласының 1972 және 1975 жылғы тұрғындары суға батып кеткен болатын.
Іздестіру шараларына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ, балықшылардың таныстары тартылды.
Қазанның 11-де көлдің түбінен 47 жастағы балықшының денесі табылды.