Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, Ақкөл ауданындағы «Экомилк» ЖШС биылдан бастап сүзбе шығаруды қолға алмақ. 2013 жылы іске қосылған өндіріс орны, алдымен сүт өнімдерінің бірнеше түрін шығара бастаған-ды. Биыл, енді жаңа қондырғылар сатып алып, сүзбе шығара бастайды. Бүгінгі күні кәсіпорында барлық санитарлық-эпедимиологиялық талапқа сай жұмыстар орындалған. Жаңа цех іске қосылғанда 110 адам тұрақты еңбекпен қамтылатын болады. Бүгінгі күні өнімді өткізу мақсатында Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларының кәсіпкерлерімен келісім жасалған.