Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы тамыз айының 23-де қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Степногор қаласының 55 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеуі Әлемжан Мәжитовтіы іздеуге көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, күйеуі маусымның 1-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, қоғам өкілдері бағытталды. Криминалды полиция мен учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтарды тексерді», - деді ведомстводан.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, іздестіру жұмыстары барысында 2-ші қыркүйек күні батпақты аумақтан ер адамның мүрдесі табылды. Оны 3517 әскери бөлімнің қызметкері Александр Фролов пен қызметтік иті «Тай» тапқан. Мүрдедегі киім Әлемжан Мәжитовке тиесілі. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама жүргізілуде.