Ақмола облысында тамақтан уланған 8 бала ауруханаға түсті

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 21-і күні сағат 04:30-да, Ақмола облысында тамақтан уланған 8 бала қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түсті,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған балалардың 7-еуі 3 пен 6 жас аралығындағы № 3 балабақшаның тәрбиеленушілері, ал 1-еуі № 1 орта мектептің 3-ші сынып оқушысы. Сонымен қатар балабақша тәрбиешісінің көмекшісі де тамақтан уланып ауруханаға жеткізілген.

Аурулардың жағдайын дәрігерлер орташа деңгейде бағалап отыр.