ТЖД дерегі бойынша ағымдағы жылдың 13-17 сәуiр аралығында Атбасар және Есiл аудандарында су тасқынынан елдi мекендердi инженерлiк қорғау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.
«Оның ішінде Атбасар ауданында Жабай және Жыланды өзендерiнің бетіндегі мұзды жару жұмыстары жүргізіліп, оған 604 келі жарылғыш зат пайдаланылды. Шлюздердi нығайту үшiн құм салынған 5050 қап төселді. Сондай-ақ, Атбасар қаласында Ибаррури көшесі бойынша және ЖБК кентiнде су деңгейiнiң көтерiлуiн бақылап, мониторинг жүргізіп отыру үшiн мобильдi бекет қойылды. Аудан бойынша тәулiгiне 6800 текше метр су сорылып шығарылды.
Сонымен қатар, «Көкшетау - Атбасар» тас жолының 165 шақырымында тереңдiгi 20 сантиметр, ені 5 метр қар суы тасыды. Судың ағысын бұрып, көлік қозғалысын қалпына келтiру үшiн 20 тонна инерттi материалдарды төселді. Қазіргі кезде көлік қозғалысы қалпына келтiрiлдi.
Есiл ауданында 00 сағат 40 минутта Чапаев су қоймасынан аққан судың салдарынан Есiл ауданы Ленинское ауылы маңындағы Қызыл су өзендегі судың деңгейi 5,5 метрге дейін көтерілді. Осыған байланысты тасқын суы Ленинское ауылындағы тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Адам шығынын болдырмау үшiн, Есiл ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп Ленинское ауылынан 186 адамды көрші Красивое ауылының орта мектебiне көшірді. Қазiргi уақытта Ленинское ауылына су басу қаупi жоқ, тұрғындар үйлерiне қайтты.
Осы күні Ақмола облысында ықтимал су тасқынына жол бермеу мақсатында төтенше жағдайлар департаментi, жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi полиция қызметi бiрлесiп, елдi мекендердi инженерлiк қорғау бойынша барлық қажеттi шараларды жүргізуде», деп көрсетілген хабарламада.