Ақмола облысында «Тәуелсіздік - халық мақтанышы» тақырыбында кітап көрмесі өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - халық мақтанышы» тақырыбында кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туған жер» кіші бағдарламасының «Атамекен» базалық бағыты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Мало-Александровка ауылдық клубында ұйымдастырылған көрмеге мұғалімдер, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары шақырылды.

«Көрмені өткізудің мақсаты келешек жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елдің тарихы, өткені мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. Оқушылар ел Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы кітаптармен танысты. Көрме аясында олар Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы туралы білгендерін айтты. Мұның бәрі оқушылардың ой - өрісін кеңейтуге, өзінің және өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі Наталья Шейкина.