Мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының мәліметінше, «Көкшетау« мәдениет сарайында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты -туған өлке туралы білімдерін кеңейту, тарихи-мәдени мұраны, облыстың 30 жылдық кезеңдегі түрлі қызмет салаларындағы жетістіктерін дәріптеу, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Барлығы 19 роллаптан тұратын жылжымалы көрме Ақмола облысының аудандары мен қалаларының мемлекеттік мұрағаттарының фотоматериалдары бойынша дайындалды. Іс-шараға түрлі мемлекеттік органдардың, этномәдени, ардагерлер мен жастар бірлестіктерінің өкілдері, оқу орындарының студенттері қатысты.
Қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова көрменің маңыздылығына тоқталды.
«Бұл фотокөрменің құндылығы онда облыстың әр ауданы мен қаласының тарихы көрсетілген. Әрбір фотосуретте мәдени, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, жетістіктер туралы үлкен ақпарат бар, бұл келушіге сол уақыттың рухын, біздің облысымыз бен республикамыздың қалыптасу және даму кезеңдерін сезінуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.
Іс-шара барысында архив қызметкерлері қонақтарға әр коллекция туралы егжей-тегжейлі айтып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, мерейтойлық жылы өңірде «Алты алаштың Жамбылы» және «Ұлы дала жауһары»атты көрмелер де табысты өтті.