Мәселен, Еңбекшілдер ауданының Үлгі ауылында 15 үйдің ауласын су басып қалса, Бурабай ауданындағы Мәдениет ауылында 5 үй суда қалды. Аталған елді мекендердегі үйлердің маңын судан тазарту жұмыстарына Еңбекшілдер ауданындағы «Степняк Су» коммуналдық кәсіпорнының 1 техникасы мен жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері және Бурабай аудандық ТЖБ 10 қызметкері мен 15 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Қазіргі кезде аталған тұрғын үйлер мен үй аулалары толықтай судан тазартылды.
09:50, 23 Шілде 2015
Ақмола облысында толасыз жауған жаңбырдан бірнеше тұрғын үйді су алды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Еңбекшілдер және Бурабай аудандары аумағында толасыз жауған жаңбырдан бірнеше тұрғын үй мен үй ауласын су алып, тұрғындарды біраз әбігерге салды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.