Ақмола облысында топонимика жөнінде халықаралық конференция өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында топоника жөнінде халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Кез келген халықтың өткені мен бүгінінің сабақтастығы топоним-атауларда көрініс табады. Жер атаулары қазақ халқының сан ғасырлық тарихының құпияларын ашады. Әр аймақта мәдени өмірдің тарихы мен дәстүрлері сақталған орындар бар. Бұдан Ақмола облысы да кенде емес. Биыл облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен өңірдің елді мекендерінің тарихи атауларын анықтау мақсатында «Ақмола өңірінің топонимдері» жобасы қолға алды.

Жоба аясында ұйымдастырылған экспедицияның арқасында 80 елді мекеннің тарихи атаулары анықталды. Топонимиканың осы және басқа да мәселелері ЕҰУ археология және этнология факультетінің профессоры модерациялаған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың ғылыми талқылауының тақырыбы болды. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми басшылығының арқасында жоба жүзеге асырылды. Шараға қатысушы ғалымдарға басылып шыққан «Ақмола аймағының топонимдері», «Ақмола облысының жер-су атауларының құпиялары» кітаптарын, өңірдің елді мекендерінің анықтамасы мен атласы таныстырылды.

Онлайн конференцияда Жамбыл Артықбаев өңірдегі жекелеген ауылдар атауының мысалдар негізінде ономастиканың теориялық ұғымдарын одан әрі зерттеуге ықпал ететін географиялық атаулардың тізілімін нақтылауды ұсынды. Облыс топонимдерінің шығу тарихы мен этимологиясын ғалымдарға түсіндіру қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Конференция жұмысына қатысқан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қуат Сапаров, Саха Республикасы Тарихи гуманитарлық зерттеулер институтының оқытушысы Наталия Данилова ғылыми ортада және қалың жұртшылықтың кең қызығушылығын тудыратын Топонимика саласындағы зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Ирина Бекзат тарихи атауларды іздеу және далалық зерттеулер жүргізу мақсатында Ресей және жергілікті мұрағаттардағы жұмысы туралы айтып берді. Іс-шара соңында қатысушылар жобаның маңыздылығын және зерттеулерді жалғастыру қажеттілігін атап өтті.