Ақмола облысында төрт лаңкес іздестірілуде - прокуратура

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында террористік қылмыс жасаған 4 қылмыскер іздестірілуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметкері Күнсұлу Габильдинова айтты.

«Ақмола облысында террористік қылмыс жасаған 4 қылмыскер іздестірілуде. Ал, жалпы жыл басынан бері облыс бойынша терроризм және экстремизмге байланысты жасалынған қылмыс бойынша сотқа дейінгі 5 қылмыстық іс қозғалып, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде», деп мәлім етті баспасөз қызметкер. 
Сонымен қатар прокуратура террористік қылмыс жасаған немесе террористік және экстремистік идеологияны насихаттаған адамдар ҚР заңнамасына сай қатаң жазаланатынын ескертеді.