Аудан əкімінің орынбасары Айдос Хамиевтің айтуынша жақында Гранитный ауылындағы «Ардагер-Неруд» ЖШС-ның жылу қазандығында төтенше жағдай орын алып, тұрғын үйлер жылусыз қалған болатын.
"Қазіргі кезде орын алған төтенше жағдай зардаптарын жою бойынша жұмыстар тоқтаусыз тәулік бойынша жүргізілуде. Оған аудандық коммуналдық кәсіпорнының 15 маманы тартылған. Бүгін кешке дейін үйлерге жылу беру көзделген",- дейді А.Хамиев.
Еске сала кетейік,аталған жылу қазандығы 3 айлық көмір қорымен қамтамасыз етілген. Ал, орын алған төтенше жағдай жергілікті атқарушы биліктің бақылауға алынған.