Департамент басшысының сөзінше, тұмауға қарсы екпе алу үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаға баруы тиіс.
«Қазіргі уақытта облыста «Гриппол Плюс» вакцинасының 73138 мөлшері (9,9 пайыз) сатып алынды, ол 9 қыркүйекте жеткізіледі. Облыста «Гриппол Плюс» вакцинасы 5 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Екпеден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Бұл препарат биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егіледі», - деді ол.
Айнагүл Мусина атап өткендей, жыл басынан республикада ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану артқаны байқалады. Іріктемелі бақылау нәтижелері бойынша А типті тұмаудың 500-ден астам жағдайы зертханалық түрде расталды.
«2021-2022 жылдары эпидемиологиялық маусымда облыста ЖРВИ-дің 67 923 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 9 123,07. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 24 881 (36,63%), бір жасқа дейінгі балалар арасында – 2 792 (4,11%), жүкті әйелдер арасында – 1 351 жағдай (1,99%) тіркелген. Облыста тұмаудың 3 жағдайы тіркелген (Шортанды – 2, Зеренді – 1). Осы ретте, тұмауға қарсы екпе инфекциядан қорғаудың бірден бір жолы», – деп толықтырды ведомстводан.