Ақмола облысында туризмді дамыту үшін Бурабай мен Зеренді арасындағы жолды жөндеу қажет - Н.Назарбаев
19:12, 08 Тамыз 2012
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысында туризмді дамыту үшін Бурабай мен Зеренді арасындағы жолды жөндеу қажет, деді ҚР Президенті.
Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің Твиттерде орналастырылған ақпаратында хабарланған.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыс әкімдерінің қатысуымен республиканың солтүстік аймақтарын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізуде.