Аймақтық ТЖД дерегі бойынша, оқиға 2 наурызда Бұланды ауданының Алакөл ауылынан 1 шақырым қашықтықта «Астана-Петропавл» тас жолының бойында болған.
«Мерке-Екатеринбор» бағытындағы «Ванхол» жолаушылар автобусы істен шықты. Оқиға орнына жеткен Бұланды аудандық ТЖБ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері көлікте болған жолаушыларды Алакөл орта мектебіне жайғастырды. Жолаушылардың 52-і Тәжікстан Республикасының (2-і бала), 1-і Ресей Федерациясының азаматы және 2-і Қазақстан азаматтары (жүргізушілер)», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.