Ақмола облысында үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Достық үйінде Тəуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау шеңберінде Ақмола облысының ҮЕҰ 7-ші форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекет жəне қоғам: Даму жолындағы əріптестік"  тақырыбындағы форум жұмысына облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың секторлары, кәсіподақ ұйымдары, білім, мәдениет, бизнес құрылымы саласының қызметкерлері, қалалар мен аудандардың делегациялары қатысты.
Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов - "Облыс аумағында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен қарым-қатынасты жетілдіруге және азаматтық белсенділікті қолдауға барлық жағдайлар жасалған. Облыс бюджетінен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру мөлшері 167,4 миллион теңгені құрады. Оның 69,1 миллион теңгесі облыстық бюджеттен, 98,3 миллион теңгесі аудандық (облыстық маңыздағы қала) бюджеттен бөлініп отыр. Азаматтық қоғам институттарымен серіктестік құруда облыс алғашқы бестікте. Болашақта бұл қарқын сақталатын болады" - деп атап өтті Н.Нүркенов өз сөзінде.



Іс-шара барысында форумға қатысушылар назарына Ақмола облысы үкіметтік емес ұйымдар қызметінің әлеуметтік жобалар көрмесі ұсынылды. ҮЕҰ басшылары Азаматтық қоғамның және аймақтағы демократиялық процестерді дамытуға лайықты үлес қосқаны үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Алқалы жиын соңында Астана қаласында өтетін Републикалық 7-ші Азаматтық форумға облыс атынан қатысатын өкілдер аталды.