Ақмола облысында ұрланған 4 бас жылқы иесіне қайтарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ұрланған 4 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Көкшетау қаласының тұрғыны 4 жылқысының жоғалғанын айтып, арызданған.

"Арызданушының сөзіне қарағанда, жоғалған жылқылар Бурабай ауданындағы Қарабауыр ауылының маңында жайылып жүрген.

"Мал ұрлаушы" жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер Солтүстік Қазақстан облысындағы Аймақ ауылының 36 жастағы тұрғынын қолға түсірді", деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде ұрланған малдар иесіне қайтарылып, ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.