Облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 қыркүйек күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 60 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті.
Арызданушы белгісіз біреулер азық-түлік дүкеніндегі терезені сындырып, халық тұтынатын тауарлар мен жалпы сомасы 25 мың теңге ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты, оның құрамына кинологтар мен криминалистер кірді.
Жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлері оқиға орнынан 10 қол ізін тәркіледі.
Дактилоскопиялық ақпаратты зерттеу негізінде күдікті анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың тоғыз айында Ақмола облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистерінің мамандары оқиға орнында 2 мыңнан астам тексеру жүргізді.
Оның нәтижесі бойынша күдіктілердің 213 қылмыс бойынша «саусақ ізі» анықталды.