КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үштiлдi бiлiм беру бойынша Жол картасын iске асыру аясында таяуда М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетiнiң» ұйымдастыруымен жаңа оқу жылында үштiлдi бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептерге арналған «Бiлiм беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптiлдi бiлiм беру» атты облыстық семинары өткiзiлдi.
Семинарға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi мен Назарбаев зияткерлiк мектебi ат салысты. Аталған iс-шараға облыс бойынша 25 мектептен 100-ге жуық мұғалiм қатысты. Мұғалiмдерге шеберлiк сыныптары өткiзiлдi.
Облысымызда көптiлдi бiлiм берудi сәттi енгiзу үшiн Облыстық дарынды балаларға арналған № 1 «Қазақ-түрiк лицейi» мектеп интернатының тәжiрибесiн кеңiнен пайдалану қажетiлi айтылды. Қазақ-түрiк лицейiнiң мұғалiмдерi облыс мектептерiне жаратылыстану пәндерiн ағылшын тiлiнде оқытуда әдiстемелiк көмек көрсетуге қарсы емес екендiктерiн айтты.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.