КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үсіп кеткен 36 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 1981 жылғы ер адамның денесі ағымдағы жылдың 28 наурызында Аршалы ауданының Жалтыркөл аулының маңынан табылған.
«Қазіргі кезде ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Алдын ала мағлұмат бойынша, ер адам үсіп өлуі мүмкін. Өйткені, оның денесінен күш қолданудың белгілері байқалмады. Қазір аталған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.