ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 28 қазанда сағат 16:00-лерде Ерейментау аудандық орталық ауруханасында болған. Аурханаға барған 65 жылғы зейнеткер абайсызда лифтінің ашық тұрған шахтасына құлап кеткен. Қарияны аурухана қызметкерлері бірден алып шықты. Алайда, 3 метрге жуық биіктіктен құлаған ол түрлі дене жарақатын алып, аурханаға жатқызылды.
«Қазіргі кезде Ерейментау қаласының 65 жастағы тұрғынының аурхана лифтісінің шахтасына құлап кету оқиғасына байланысты ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі бойынша (абайсызда адам денсаулығына орташа ауыр залал келтіру бойынша, қауіпсіздік техникасы ережесін бұзу) соталды тергеу амалдары жүргізілуде», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.