Ақмола облысында жанып кеткен вагоншадан тұлғасы анықталмаған адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысында Қошқарбай ауылынан 20 шақырым жерде «Карьер құм» ЖШС-нің вагоны өртенді.

Жалын шарпыған аумақ 16 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ кеше Өскеменде «Подснежник-2» бағбандық алқабында орналасқан моншада өрт болды. Жалын 10 шаршы метр жерді шарпыды. Өрт орнынан күйік жарақаттарымен 1964 жылғы ер адам мен 1982 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТДЖ өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.