«Қазақстандағы көптеген кәсіпорындардың геологиялық білімі бар мамандарға зәру екені жасырын емес. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін жастарға ерте бастан кәсіби даярлыққа, мамандыққа баулуды үйрету қажет. Балалардың геологиялық қозғалысын жандандыру елімізде бұл саладағы кадр мәселесін шешуде тиімді қадам болмақ», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Жас геологтар олимпиадасы шілденің 27-і мен тамыздың 3-і аралығында Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында өтеді. Шараға Ресей, Татарстан, Өзбекстан елдері және Қазақстанның әр өңірінен келетін 15 команда қатысады.
Олимпиадаға «Жас геолог» корпоративті қоры, «Қазгеология» акционерлік қоғамы, «АПГО РК» заңды тұлғалар бірлестігі және «КОНГ» қоғамдық бірлестігі қолдау білдіріп отыр.