«Анықталғандай, 13 жасар баланың әкесі пойыз аялдаған кезде вагоннан шыққан. Кейін пойыз орнынан қозғала бастағанда кешіккен әкесі үшін қорыққан жасөспірім «тоқта-кранын» басып оны тоқтатқан», - деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
Осыған байланысты, жасөспірімнің әкесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 560-бабы «теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
«Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел тежеудің 367 оқиғасын тіркеді, оның ішінде 12 тоқтату краны бұзылды»,-деп толықтырды полиция полковнигі.