Ведомствоның дерегі бойынша, 2019 жылғы тамыздың 17-де Ақкөл аудандық ПБ 52 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреудің оның кәмелеттік жасқа толмаған ұлына «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы порнографиялық суреттер мен sms-хабарлама жіберіп отырғанын айтқан.
«Жедел іздестіру шарасы кезінде Ақкөл қаласының 22 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол әлеуметтік желіде бүркеме атпен тіркеліп, бірнеше жасөспірімге азғындық суреттер мен sms хабарлама жіберіп отырған», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде күдіктіден қылмысын мойындағаны туралы түсініктеме алынып, үстінен ҚР ҚК 311 бабы бойынша қылмыстық іс қоғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.