Ақмола облысында жай түскен тұрғын аман қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының Есіл қаласында 56 жастағы ер адамға жай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД мəліметі бойынша келеңсіз жағдай ағымдағы жылдың 3-ші маусымында түнгі 22 сағат 26 минутта болған.

«1961 жылы туған Козы Комен есімді тұрғынға жай түсіп, Есіл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде, зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық», деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, маусымның 3-ші күні Ақмола облысының Есіл ауданы аумағында жылдамдығы секундтына 24-25 метрге дейін жететін қатты жел тұрды. Осының салдарынан аудан орталығы мен ауылдық жерлердегі бірқатар әлеуметтік нысандардың шатыры жұлынып, электр желісі желі істен шыққан болатын.