Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Жайылым туралы» заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел барысында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов осылай мәлім етті.
Әкім орынбасарының айтуынша, бұған дейін өңірде Үкімет тапсырмасы бойынша жерді түгендеу шаралары жүргізілген. Соған сәйкес, Ақмола облысында барлығы 6,5 млн. гектарға жуық жайылымдық жер, сондай-ақ бұзушылықтармен және мақсатына сай қолданылмай отырған 1 млн. гектар жайылымдық бары анықталды. Оның ішінде 480 мың гектар жыртылған жер болса, 660 мың гектары жайылымдар», - деді Қ. Айтмұхаметов.
Оның айтуынша, өңірдегі жайылымдық жердің бәрі мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілердің айналымында тұр. Соған орай, кейбір жағдайда жеке үй шаруашылықтарында жер жетіспеушілігі байқалуда.