Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өңірде 4469 жедел жәрдем шақыртуы тіркелген болса, 4-10 наурыз аралығында бұл көрсеткіш 4411 құрады немесе 0,7 пайызға төмендеді
«Пневмонияға байланысты шақырулардың 27,7 пайызға төмендеуі байқалады. Өткен аптадағы 36-дан 26-ға дейін. КВИ себебінен шақырулар саны 1,6 пайызға, яғни 60-тан 59-ға дейін төмендеді, оның ішінде 12 адам ғана ауруханаға жатқызылды (20,3 пайызы)», - деді Н.Сыздықов.
Көкшетау бойынша жедел жәрдем шақыру 1572-ден 1542-ге дейін, яғни 1,9 пайызға төмендеген. Бұл ретте КВИ себебі бойынша жедел жәрдем бригадасын шақыру 17,6 пайызға, яғни, 17-ден 14-ке дейін азайған. Осы уақыт ішінде COVID-19 диагнозымен облыс орталығының үш тұрғыны ғана ауруханаға жатқызылды (21,4 пайыз).
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атап өткендей, өңірде ЖРВИ жағдайына байланысты шақырулар өткен аптадағы 309-дан 332-ге дейін, яғни 7,4 пайызға артқаны байқалады.
«Облыста коронавирустық инфекция бойынша жағдай қолайлы болып қалуда, өткен тәулікте COVID-19 ауруының екі жағдайы ғана тіркелді. Өңірдің стационарларында 40 науқас КВИ-дан емделуде», - деп толықтырды Н. Сыздықов.