Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев елордада есептік брифингте айтып берді.
«Биылғы төрт айда облыс экономикасына 180,5 млрд теңге тартылды және өткен жылғы деңгейге қарағанда 19% өсім бар. Оның ішінде, жеке инвестиция үлесі - 90%», - деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, сыртқы шетелдік инвестиялар көлемі – өткен жылғы деңгейден 1,5 есе өсімімен 22,5 млрд теңгені құрады.
«Биыл жыл басынан бастап, жеке меншік инвестиция есебінен 28,6 млрд теңгеге 16 жоба жүзеге асырылды, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, 2023 жылы Ақмола облысында 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 193,2 (млрд теңгеге 192 (жобаны іске қосу жоспарда бар», - деді Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін аймақ әкімі Ақмолада аграрлық салаға 106 млрд теңге бөлінгенін, азық-түлік өндірісі бойынша 92 инвестициялық жоба қолға алынғанын айтқан еді.