Ақмола облысында жеке тұрғын үйден шыққан өрт 2 адамның өмірін қиды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеке тұрғын үйден шыққан өрт 2 адамның өмірін қиды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Степногор қаласында орын алған. 6 қаңтар күні сағат 16:35-те шыққан тілсіз жау 20:15-те сөндірілген. «Қызыл жалын шарпыған аумақ 24 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан 2 адамның денесі табылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облыстық департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.