Ақмола облысында жекешелендіруден бюджетке 44 миллионнан астам қаржы түсті
Басқарманың дерегіне сүйенсек, Ақмола облысында ағымдағы жылдың он айында 184 коммуналдық меншік нысаны сатылды. Олардың 124-і облыстық та, 60-ы аудандық коммуналдық мүлік нысандары.
"Сатудан бюджетке 44 397,9 мың теңге қаржы түсті. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мəселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен Жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді. Соған сəйкес Ақмола облысы бойынша 11 ұйым бəсекелі ортаға беруге жатады. Оның ішінде, бекітілген кестеге сəйкес, 2016 жылы саудаға 2 ұйым шығарылды. Нəтижесінде, бір кəсіпорын - «Степногорск - Тазалық» ЖШС-і - 2016 жылдың 9 қыркүйегінде үшінші сауда-саттықта сатылды.
Екінші нысан бойынша («Атбасар қаласының жолаушылар тасымалы» ЖШС-і) өтінімдердің болмауына байланысты сауда-саттық үш рет те өтпей қалды. «Тазалық» МКК банкрот деп танылып, осыған байланысты кəсіпорынды сату банкротты басқарушымен жүргізілетін болады. «Көкшетау Қала Кадастры» таратылатын болады, осыған байланысты олардың қызметі мемлекеттік монополияға жатады. Қалған жеті нысанды бəсекелі ортаға беру («Көкше-Жəрдем» МКК, «Көкше Қамқор» ЖШС, «Облыстық салауатты салтын қалыптастыру орталығы» МКК, «Спорттық ойын түрлері бойынша спорт клубы» МКК, «Арлан» кəсіби хоккей клубы» ЖШС, «Оқжетпес» футбол клубы» МКК , «Бурабай» спорт сарайы» МКК) 2017-2020 жылдарға жоспарланған.
Жекешелендіруге жататын мемлекеттік мүлік нысандары туралы ақпарат www. gosreestr.kz веб-сайтында орналастырылады жəне мерзімді баспа басылымдарында жарияланады", деп көрсетілген хабарламада.