Бүгін, 12 ақпан сағат 10.15 кезінде Ақкөл қаласының кезекші пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Шақырту орнына 2 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам дереу жіберілді.
Оқиға орнына жеткенде газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде 3 адам жеңіл дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олардың бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпегендіктен үйіне жіберілген.
Сондай-ақ жану нәтижесінде жалпы ауданы 7 шаршы метр қазандықтың құрылыс конструкциялары ішінара зақымдалғаны анықталды.
Өрт 10 сағат 24 минутта оқшауланып, 10 сағат 29 минутта сөндірілді.
Алдынала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасы жарылысына газ баллонын жылыту пешінің жанына қою себеп болған.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.