КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Ақмола облысының Есіл аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметіне 3 жаңа қызметтік автокөліктер тапсырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шараға адан əкімі Аманбек Қалжанов, ІІД басшысының орынбасары Жанатбек Ешімов жəне Есіл аудандық ІІБ басшылығы қатысты.
Бұл жолы берілген көліктің біреуі "Ивеко" микроавтобусы да, екеуі "Нива" автокөлігі. ІІД басшысының орынбасары жергілікті полиция қызметінің автопаркі жаңа көліктермен толығуы қызметкерлердің мобильділігін арттыруға септігін тигізеді деп отыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.