Облыста жергілікті азық-түлік өнімдерін өндіруге ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2020 жылдың 10 айында олар 92 миллиард теңге сомасына өндірілді, бұл өткен жылғы кезеңнен 8,8 пайыз көп.
Ет, сүт өнімдері, күнбағыс майы, жартылай фабрикаттар, ұн және басқа да тауарлар өндірісі артты.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің тұрғындарға пайдасы зор. Биыл 210 жәрмеңке өткізіліп, орташа бағадан 20 пайызға дейінгі арзан бағамен 590 миллион теңгенің өнімі сатылды.
«Нан бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорының ресурстары пайдаланылады. Жыл басынан облыстың нан пісіру кәсіпорындарымен 110 теңге/кг баға бойынша 1 сұрыпты 449 тонна ұн сатылды, нәтижесінде нан бағасы тұрақты болып қалуда. Қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылуда. Барлығы 2343 тонна түрлі тауарлар сатып алынды, оларды сату жүргізілуде», - деп атап өтті «Көкше» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басшылығы.
Бұдан басқа, биыл «айналым схемасын» белсенді іске асыру басталды, онда бизнес субъектісіне ӘКК-ге бағаның белгілі бір деңгейін белгілеу бойынша қарсы міндеттемемен жеңілдікті қарыз беріледі.
Бүгінгі таңда кәсіпорындарға сүт өнімдерін, тауық еті мен картопты белгіленген төмендетілген бағамен сату үшін 692 миллион теңге сомасында 3 займ берілді.