«Астана су қоймасында балық аулау кезінде Теміртау қаласының 1972 және 1975 жылғы тұрғындары суға батып кетті. Іздестіру шараларына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ, балықшылардың таныстары тартылды. Бүгін құтқарушылар көлдің түбінен 47 жастағы балықшының денесін тапты. Ал 50 жастағы екінші балықшының денесі іздестіріліп жатыр», - деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысындағы су қоймасында жоғалып кеткен 2 балықшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын жазған едік.