Ақмола облысында жол апатына кінәлі 5 көлік жүргізушісі іздестірілуде

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен 5 көлік жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша жыл басынан бері Ақмола облысы аумағында жүргізушілердің оқиға орнынан қашып кеткен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде бір адам ажал құшқан. Дегенмен, осы күні кінәлі он жүргізуші ұсталып, жауапкершлікке тартылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 қаңтарында түнгі сағат 22:45-дерде Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылының маңында, яғни, «Алматы - Екатеринбург» тас жолының 1206 шақырымында жол-көлік оқиғасынан мерт болған ер адамның денесі табылған болатын. Кейін полицейлер жапа шеккен ер адамның 59 жастағы Астана тұрғыны екенін анықтады. Осыған байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы іздестіру тобы құрылып, бейнебақлау камералары тексерілді.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қандай бір ақпаратты білетін адамдар болса, арнайы «102» телефон нөмірі арқылы ішкі істер органдарына хабарласуына болады