КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында болған ірі жол апатынан 3 адам көз жұмып, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қайғылы оқиға қарашаның 11-і күні сағат 12:40 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 287 шақырымында болған.
«Апаттың салдарынан 3 адам көз жұмып, 7 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі бүлдіршін. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 4 арнайы техника, «103» жедел жәрдем қызметінен 24 адам және 8 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 2 техника тартылды»,- делінген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.