КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Көкшетау-Омбы» тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алып, 79 жастағы жүргізуші мерт болды.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
Жол апаты «Көкшетау-Омбы» тас жолының Зеренді ауданы аумағы арқылы өтетін 374 шақырымында орын алған. Бұл жерде «Тойота-Карина Е» мен «ВАЗ-2107» жеңіл көліктері соқтығысқан. Осының салдарынан соңғы көліктің жүргізушісі 1936 жылғы О.Әбделманов оқиға орнында көз жұмды. Ал «Тойота-Карина Е» көлігін тізгіндеген 25 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.