Ақмола облысында жол апатынан екі адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Атбасар-Көкшетау» трассасының бойында көлік апаты болып, 2 адам көз жұмды, тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстықПолиция департаментінің хабарлауынша, кеше Сандықтау ауданының Спасск ауылында «Атбасар-Көкшетау»трассасының бойында көлік апаты болды.

74 жастағыАтбасар тұрғыны басқарып келе жатқан Lada Kalina көлігі қарсы бағытта кележатқан Lada Priora көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оны Петриковки ауылының 31жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан.

Жол апатыныңсалдарынан көліктердің жүргізушілері мерт болды. Lada Kalina-да отырған жолаушыәйел мен Lada Priora-дағы 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Сандықтауаудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

«Жолдағықауіпсіздік деңгейін арттыру мен жол апаттарының алдын алу үшін Ақмолаоблысының аумағында тәртіп сақшылары биылғы жылдың басынан бері 20 жедел-профилактикалықшара өткізген. Осыған қарамастан қазіргі таңда облыс жолдарында жол апатыменбайланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Апаттардың көпшілігі жол ережесінөрескел бұзумен, жылдамдық режимін бұзу, жолда жүру ретіне бағынбау, қарсыбағытқа шығу, ара қашықтықты қадағаламау, жаяу жүргіншілерге арналған жерлерденөту тәртібін сақтамау, мас күйінде көлік жүргізу сияқты әрекеттермен байланыстыболып отыр. Жол ережесін жаяу жүргіншілердің де бұзатын кездері болады»,-депқосты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осылайша, жылбасынан бері облыс аумағында 281 жол-көлік апаты болып, оның салдарынан 34 адамқайтыс болды, 390 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Мас жүргізушілердіңкесірінен 24 жол апаты болып, 3 адам көз жұмды, 31 адам түрлі дәрежедегі денежарақаттарын алды.