Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 15-де Аршалы ауданының Ишевск ауылында болған.
«Апат орнына келген жедел-тергеу тобы «Екатеринбор-Алматы» тас жолының бойында 35 жастағы ер адам тізгіндеген «Howo» көлігі жол бойында тұрған «Renault Trafik» көлігін соққанын анықтады. Осының салдарынан «Renault Trafik» көлігінің 44 жастағы жүргізуші ауруханада көз жұмды», - дейді ведомстводан.
Қазіргі кезде, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Күдіктіге шақырғанда келу міндеті процессуалдық шарасы қолданылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп толықтырды ведомстводан.