Ақмола облысында жол жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсан күні сағат 10.00-ден бастап боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты «Алматы-Екатеринбург» (856-917 км), «Астана-Петропавл» (18-230 км) тас жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады.