Ақмола облысында жолда қалған 7 адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жолда қалған 7 адамды құтқарылды, оның 2-уі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 4 наурызында сағат 01:59 Жақсы аудандық 13-ӨСБ байланыс бөліміне «Жақсы – Державинск» автожолында, яғни, Монастырка ауылының тұсында «Газель» жүк көлігінің қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түскен.

«Айтылған жерге дереу «Нива марш Бронто» автокөлігімен 2 адамнан тұратын кезекші қарауылы жетті. Құтқарушылар жүк көлігінің ішінде болған 3 адамды құтқарып, Запорожье ауылына жеткізді. Сол түні құтқарушылар Ишимск ауылының маңындағы автожолда істен шыққан жеңіл автокөліктегі 4 адамға (оның 2 бала) көмекке барды. Олар Есіл ауылына жайғастырылды», - дейді ведомстводан.